Су тасқынына қарсы шаралар: Құмар Ақсақалов Қарасу ауданындағы дайындықты тексерді

Су тасқынына қарсы шаралар: Құмар Ақсақалов Қарасу ауданындағы дайындықты тексерді

Көктемгі су тасқыны – барынша дайындық пен барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын талап ететін күрделі сынақ. Жағдайды жергілікті жерде бағалау үшін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қарасу ауданына барып, су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын тексерді.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы осал учаскелерді, су өткізу құрылыстарын және қорғаныс бөгеттерін қарап шықты.

Әкім Новоселов, Қарамырза және Октябрь ауылдарындағы жағдаймен танысты.

Қарамырза ауылында ұзындығы 5 шақырымдық бөгет тексерілді.

Бұл табиғат апатына қарсы сенімді тосқауыл екені сөзсіз.

Новоселов ауылында су бұру арнасының жағдайына ерекше назар аударылды, сондай-ақ «Б. Чураковка – Қарасу» облыстық маңызы бар жол учаскесінде жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстары қаралды.

Тюнтюгур өзенінде гидротехникалық құрылыстарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, өзеннің еруі қалыпты режимде өтеді, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Тобыл өзеніне қатысты да тасқын қаупі жоқ, су қоймалары су жинау режиміне көшкен.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға әкімдік қызметкерлері, құтқарушылар, Семей қаласындағы 68303 әскери бөлімінің сарбаздары және еріктілер жұмылдырылған.

Қазір олар қаптарды дайындау және төсеу жұмыстарын жалғастыруда.

«Су тасқынына қатысты жағдай бақылауда. Барлық шаралар уақытында орындалуы керек, ең бастысы – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Су тасқынының салдарын болдырмау жұмыстары жалғасуда, жауапты қызметтер толық дайындықта.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі 

 

Жаңалықтармен бөлісу