22 мая, 2025
Су деңгейі бес жүз текше метрге жақындады

Су деңгейі бес жүз текше метрге жақындады

Қазіргі уақытта Жоғарғы Тобыл су қоймасы 92%, Қаратомар су қоймасы 91% (Желқуар су қоймасы 100%) толды. Соңғы бес жыл ішінде барлық су қоймалары тек жартысына ғана жетіп келген.
Бүгін Қаратомар су қоймасындағы судың ағуы секундына  537,5 текше метрге төмендеді.
Қарасу, Қостанай аудандарының, Қостанай қаласының 138 жеке тұрғын үйі су астында қалғаны туралы ақпарат келіп түсті.

12 сәуірден бастап ТТБК ауданындағы көпір арқылы жеңіл автокөліктерге  жүруге рұқсат берілді. Жүк көлігі үшін көпір келесі аптаның басында ашылады деп жоспарланып отыр. Облыс орталығында мамандар 3 көпірдің жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары әлі де жалғасу үстінде. Біржолғы әлеуметтік төлемдер басталғанын айта кетсек, демеушілік және гуманитарлық көмек жалғаса бермек.