Студенттер арасында еріктілер форумы өтті

Студенттер арасында еріктілер форумы өтті

Бүгін студенттер арасында ұйымдастырылған форумға жүзден астам ерікті қатысты. Онда сөз алған студенттер өзара тәжірибе алмасып қана қойған жоқ. Жеткен жетістіктерін әртүрлі номинациялар бойынша таныстырып шықты. Форум барысында қатысушылар ерекше назар аударатын топтар, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар төңірегінде пікір алмасты. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға көмек, үздік еріктілер күнделігі, ерікті құндылықтар тақырыптарын қамтыған баяндамалар тыңдалды. Қазылар тарапынан осы жұмыстардың қорытындысы шығарылды.

Нәтижесінде Қостанай ауыл шаруашылық колледжі осы жылдың ең үздік ерікті ұйымы атанса,  «Зерек» колледжінің студенті Алтынай Мазенова ең үздік ерікті номинациясын жеңіп алды.

«Біздің оқу орнымызда «Болашақ» еріктілер отряды жұмыс істейді. Онда балаларды бейімдеу орталықтарымен біріге шаралар ұйымдастырдық. Біздің тарапымыздан аға буын өкілдеріне ҰОС, еңбек ардагерлеріне мүгедек балаларға көмек көрсетіліп тұрады. Осы жұмыстарымызды ескеріп, жоғары бағалаған қазыларға алғысым шексіз», – дейді Алтынай.

Жаңалықтармен бөлісу