Ұтқыр сөздің сайысы

Ұтқыр сөздің сайысы

М.Дулатов атындағы КИнЭУ қабырғасында «Алаш» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Kostanay Open» халықаралық турнирі өтті.

Екі күнге созылған сайысқа Қостанай, Көкшетау, Астана, Алматы, Челябі, Петропавл қалаларынан 100 адам қатысты. Тартысты доданы өткізудегі негізі мақсат – жастардың еліміздің қоғамдық-саяси жағдайы туралы пікірін тыңдап, шешендік өнерге қызығушылығын арттыру. Аталған сайыста қоғамдық, саяси тақырыптар талқыланды.

«Турнирді ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. “Алаш” пікірсайыс клубының ұйымдастырушылары мен еріктілерінің жұмысына алғысымды білдіремін. Әсіресе, турнирде ұйымдастырылған түскі ас, пицца-брейк, кофе-брейк  ерекше ұнады. Бұны көптеген жарыстарда кездестіре бермейміз. Сонымен қатар, турнирдің бас төрешілері Ресейден келген Павел Колташев, Агавард Вартанян, Риза Абасов сынды өз саласының мықты пікірсайысшылары болды. Өзіме көп тәжірибе алдым»,-дейді турнир қатысушысы Диас Сүлейменов.

Тартысы доданың жеңімпазы Челябіден келген Алексея Пахомова мен көкшетаулық Әнуар Сапаров атанды. Ал, “Турнирдің үздік спикері” номинациясын Әнуар Сапаров иеленді.  Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Қаракөз Мақатова,
ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу