Бүгін Қостанайға Шымкент қаласыны Қазақ күресінің федерациясының атынан гуманитарлық келіп жетті. Онда жиырма тонна қырық екі түрлі қажетті заттар тиелген.
«Негізі бұл іс-шарамызды он бірінші сәуірде бастағанбыз. Бірілігімдің арқасында екі күннің ішінде он бес спорт түрінің өкілдерінен он бес миллион теңгенің тауары жиналды. Сол үшін жігіттердің барлығына алғысымыз шексіз. Екі тәулік жолда жүріп, аман-есен ол жақтағыдардың аманатын жеткізіп жатқан жайымыз бар», – дейді Шымкент қала «Қазақ күресі» федерациясының өкілі Ғабит Тасболат.
Ондағы гуманитарлық көмекті қабылдап жатқан пунктке қостанайлық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері жауапты.
Оған жетекшілік ететін Қостанайдағы №2 жасөспірімдер және спорт мектебінің директоры Талғат Кәдірханұлының айтуынша, келіп түскен қажетті заттар тізім бойынша тасқын судан зардап шеккен аудандарға үлестіріп жатыр.
Ол жақтағы оперативтік штабтың сұрауы бойынша мұқтаж жандарға жеткізілетін болады.
Облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали гуманитарлық көмекті арнайы бөлетін комиссия құрылғанын айтады.
«Келіп түскен көмекті сол комиссиямен ақылдаса қабылдап, тиісті бағыттарға жіберіп отырамыз. Қазір алты өңірде төтенше жағдай жарияланған. Эвкауацияланған, үйлері жарамсыз адамдар тұратын жерлерге де уақытында жағдай жасалып жатыр. Ол жерлердегі әкімдіктерде де қабылдайтын оырндарымыз бар. Өңірлерге тікілей таратып жатқан жағдайлар да кездеседі. Қазір облыс бойынша, мың екі жүз тоннадан артық гуманитарлық көмек келді», – дейді Ринат Зәкиұлы.
Демек, әр ауданда өздерінің штабы бар.
Осы қабылдайтын пункттен әр өңірге қажетті заттар жіберіліп отырады.
«Қостанай өңірлік университеттінің спорт залында ашылған пунктке халық өздері келіп, қажетті заттарын алып кетіп жатыр. Бүгіннен бастап өңірлерге қоғамдық штаб құрылды. Өкілдері халықпен кездесуге кетті. Еріктілер арқылы қоғамдық штаб өкілдерімен ақылдасып, тиісті азық-түлік пен құрал жабдықтарды бірге тарататын боламыз. Керекті заттар туралы өңірлерден ақпарат жинап жатырмыз. Адамдардың сұранысы бойынша да жеке қолданатын заттар жөнелтілді», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев