Олар зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу бойынша өз жұмыстарын бастады.
Қазіргі уақытта зардап шеккендерден 1174 өтініш түсті (Аманкелді – 105, Жанкелдин – 104, Қостанай – 191, Арқалық – 234, Қостанай – 540 өтініш).
Өтемақы төлеу туралы шешімдер жылжымайтын және жылжымалы мүлікті, сондай-ақ зардап шеккендердің малдарын бағалау және техникалық тексеру жүргізу шамасына қарай қабылданатын болады.
Зардап шеккендер төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде залалды өтеу туралы өтінішті жергілікті атқарушы органға беруге тиіс. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және жоғалған немесе бүлінген мүліктің тізбесін қоса беру қажет.
Залалды өтеу туралы өтініштер жергілікті атқарушы органға келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. Өтініш тіркелгеннен кейін залалдың мөлшерін бағалау ұйымдастырылады, содан кейін зардап шеккендерге қаражат бөлу және оларды төлеу туралы шешім қабылданады.