Шетелдіктерге жол бағдар дайындалды

Шетелдіктерге жол бағдар дайындалды

Елімізге келетін шетелдік азаматтарды ақпараттандыруға арналған «Қазақстан полициясы Сізді қарсы алуға дайын» сервисі әзірленді.

Оны Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі цифрландыру аясында жүзеге асырып отыр. Бұл – ыңғайлы әрі заманауи мобильді шешім.

blank

Сервис төрт тілде қолжетімді: қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде. Қосымша арқылы Қазақстан Республикасында болу тәртібі, көші-қон қызметінің көрсететін қызметтері, әкімшілік заңнама нормалары туралы ақпарат алуға болады. Сондай-ақ 2GIS және Яндекс карталарын пайдалану, такси, байланыс және қалалық сервистер жөнінде мәлімет алу мүмкіндігі бар.

Төтенше жағдайларда полицияға жүгіну үшін 102 батырмасы қарастырылған.
Сервисті әуежайларда, теміржол вокзалдарында, сауда-ойын-сауық орталықтарында, қонақүйлерде, жанармай құю бекеттерінде және супермаркеттерде пайдалануға болады. Ол үшін қолыңызда смартфон болса жеткілікті.

Ақерке АРЫСТАНБАЙ
ҚӨУ студенті