Қостанайда «Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері автожол колледжінің студенттері үшін профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттер түзеу мекемесіне барып, сотталғандардың ұсталатын жағдайларымен танысты. Оларға ішкі тәртіп ережелері мен жазаны өтеу тәртібі түсіндірілді.

Қызметкерлер есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін көзделген жауапкершілік туралы жан-жақты баяндады. Әсіресе, есірткі таратумен, соның ішінде «жасырылған зат» деп аталатын тәсіл арқылы айналысқаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталғандармен өткен әңгімеге ерекше назар аударылды.

Сотталғандар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, заңға қайшы әрекетке араласудың қандай ауыр салдарға алып келгенін айтып берді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қылмыстық әрекетке деген теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.
Сандуғаш БЕКМҰРАТ
ҚӨУ студенті
