Алдағы Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жүйесін дамытудағы маңызды қадам болмақ. Шетелдік инвесторлар мен сарапшылардың пікірінше, бір палаталы парламентке көшу заң шығару үдерісін жеңілдетіп, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырады. Бұл туралы 24KZ арнасы хабарлады.
Сарапшылардың айтуынша, жаңа модель заң шығару үдерісін жеделдетіп қана қоймай, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар Құрылтайдың өкілеттіктерін кеңейту парламенттік бақылауды күшейтіп, қабылданатын шешімдердің сапасын жақсартады.
«Белгілі бір деңгейде бұл модель халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Көптеген мемлекет, әсіресе Еуропаның бірқатар елі, бір палаталы парламент жүйесімен табысты жұмыс істеп келеді. Бұл демократиялық бақылауға нұқсан келтірмей, шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді», — дейді «KAZ CAPITAL SDN BHD» компаниясының төрағасы Шахул Хамид Бин Мохд Исмаил.
«Қазақстан Құрылтайына сайлау жалпы Еуразия кеңістігі үшін де маңызды саяси оқиға. Өйткені бұл халық билігінің егемен үлгілерін қалыптастырудағы маңызды үрдісті айқын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан көшбасшы елдердің бірі», — дейді Беларусь ұлттық кітапханасының бас директоры Вадим Гигин.
