Іс-шараның мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру және жастардың экология мен тазалық мәселелеріндегі белсенді азаматтық ұстанымын дамыту болды.
Акция аясында қатысушылар жағалау аумағын тазарту жұмыстарын жүргізіп, қоқыстардан тазартты. Олар су айдынының жағалауын ретке келтіріп, қалдықтарды жинап, сұрыптады, сондай-ақ ластанудың экожүйеге әсері және экологиялық ізді азайту жолдары туралы ақпарат алды.
Экологиялық акцияға Жастар ресурстық орталығының еріктілері, жұмысшы жастардың өкілдері, мектептер мен колледждердің оқушылары, сондай-ақ Сарыкөл кентінің белсенді тұрғындары қатысты. Әрбір қатысушы Сарыкөл көлінің жағалау аумағын тазарту ісіне өз үлесін қосты.
Мұндай іс-шараларды өткізу экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етіп, бірлік пен қоршаған орта жағдайына бейжай қарамау сезімін күшейтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, табиғатқа арнаған бірнеше минуттың өзі үлкен пайда әкеліп, аудан тұрғындары үшін үлгі бола алады.
