Республика күні қарсаңында қостанайлық тұлғалар мәртебелі марапат иеленді

Республика күні қарсаңында қостанайлық тұлғалар мәртебелі марапат иеленді

Бүгін Ақордада Республика күніне орай мемлекеттік наградаларды табыстауға арналған салтанатты рәсім өтті. Мемлекет басшысы елдің дамуы мен қоғамның өркендеуіне, ұлттық құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Марапат иегерлері қатарында еліміздің әр өңірінен еңбек сіңірген тұлғалармен бірге Қостанай облысының да өкілдері бар. Мемлекет басшысының қолынан Қазақстанның халық ақыны Әсия Әйіпқызы Беркенова, еңбек сіңірген журналист Сергей Васильевич Харченко және «Қазақтелеком» АҚ-ның Қостанай облыстық телекоммуникациялар дирекциясының қызметкері Мәди Сырымұлы Таскенов мемлекеттік марапаттарға ие болды.blankӘсия Әйіпқызы Беркенова – Қазақстанның халық ақыны, туған өңірін дәріптеп, қазақ халқының рухани мұрасы мен салт-дәстүрінің терең мазмұнын шығармашылығында көркем бейнелеп жүрген танымал ақын, ұлағатты ұстаз.blankСергей Васильевич Харченко – Қазақстанның еңбек сіңірген журналисі,өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына зор үлес қосқан, жас журналистерді тәрбиелеуге атсалысқан беделді маман.

Мәди Сырымұлы Таскенов – телекоммуникация саласында ұзақ жыл бойы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі кәсіби маман.blank

Біз жерлестерімізді жоғары мемлекеттік наградаларымен шын жүректен құттықтаймыз және олардың кәсіби шеберлігі, көп жылдық еңбегі мен адалдығына алғыс білдіреміз. Мемлекет басшысының жоғары бағасы – қостанайлықтардың өңір мен елдің дамуына қосқан сүбелі үлесінің лайықты мойындалуы.