Қуыршақ театры Арқалықта

Қуыршақ театры Арқалықта

Биыл Қостанай облыстық Қуыршақ театры — 40 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай, сахнагерлер гастролдік сапармен алғаш рет Арқалық қаласына табан тіреді.

Өз тарихында бұл театр көптеген дарынды актерлерді, режиссерлерді және суретшілерді тәрбиелеп шығарды. Қазіргі уақытта ұжымда 68 қызметкер еңбек етуде. Оның 19-ы актерлер.

Театр репертуарында 60-тан астам қойылым бар. Театр басшысы Төленді Әлқожа Амангелді ауданы, Амантоғай ауылының тумасы. Төленді Олжабайұлы Ресей Федерациясының Челябі мемлекеттік мәдениет және өнер академиясын «Актерлік өнер» мамандығы бойынша тәмамдап, кәсіби еңбек жолын І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының артисі болып бастаған.

Театрдың көркемдік жетекшісі Анара Жанбекова шебер-педагог, режиссер. 2024 жылы Қостанай облыстық Қуыршақ театрына қызмет етуге Алматы қаласынан келген.

Анара Берікқызы театрға келген сәттен бастап-ақ жұмысқа белсене кірісіп, қысқа мерзім ішінде бірнеше спектакльді екі тілде қойып үлгірді. Олар: «Ертегілер сандығы» («Сундучок со сказками»), «Қар патшайымы» («Снежная королева») және «Жаңа жылды құтқарайық немесе Ғажайыптар уақыты» («Спасаем Новый год или Время для чудес») интермедиясы, сондай-ақ сәбилерге арналған baby-театр ашып, «Маймақ қонжық» («Мишка косолапый») атты қойылымдарды сахналады.

Гастрольдік сапар қоржынынан да бірнеше спектакльдерді көруге болады. Бағдарламаның басты қойылымы — халықаралық фестивальдердің лауреаты, республикамызда сыншылар сыйлығының «Жыл қойылымы» номинациясының жеңімпазы, буллинг тақырыбын батыл қозғайтын өмірлік қойылым — «MEN…» (режиссері Николоз Сабашвили). Сонымен қатар, әлемге танымал Грузия елінің режиссері Николоз Сабашвили сахналаған Гогольдің әйгілі классикасы — «Жындының жазбалары» спектаклі.

«Жындының жазбалары» – классикалық туындының заманауи сахналық интерпретациясы, адамның жан дүниесінің нәзіктігі мен осалдығын ашатын психологиялық қойылым.

Және кішкентай көрермендерге арналған қойылымдар: «Ертегілер сандығы», «Сундучок со сказками», «Менің досым – жел» спектакльдері көрермендерін тапқан.

Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында сахналанған кезекті қойылымда мерейтой иелеріне қала әкімінің ықылас гүлі тарту етіп, алғыс хаты табысталды.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

blank

Қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов пен театр басшысы Нұрлыбек Сапабекұлы жылы лебіздерін білдірді.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                        Арқалық қаласы