09.10.2025
«Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір»: өңірде аграрлық ғылымның жаңа кезеңі басталмақ

«Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір»: өңірде аграрлық ғылымның жаңа кезеңі басталмақ

Бүгін Қостанайда ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы  Президиумның көшпелі отырысын өткізді.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде алдағы он жыл ішінде Қазақстанды астықты терең өңдеу өнімдерін өндіру және жеткізу бойынша әлемдегі он ірі елдің қатарына қосу, сондай-ақ аграрлық секторды индустрияландыру және өңірлерде ғылым мен инновациялық дамуды жан-жақты қолдау қажеттігін тапсырған болатын. Осы тапсырмаларды іске асыру – көшпелі отырыстың басты мақсаты.Іс-шараға академияның президенті Ақылбек Күрішбаев, облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Сенат депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, өңірдің жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, денсаулық сақтау салаларының отандық және шетелдік жетекші ғалымдары, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты. Меймандар әуелі ІQostanay орталығы ауласына қойылған өндірістік көрмені аралады.blankblankblankblankblankblankblankІзін ала Ақылбек Күрішбаевтың төрағалығымен жиын басталды. Ол осы уақытқа дейін осындай Төралқа отырыстары 8 облыста өтіп, онда  аймақтық ғылымды дамыту мәселелері аграрлық, медициналық, мұнай-химия, көлік логистикасы мен ядролық энергетика ғылымдарына баса назар аударыла отырылып талқыланғанын айтты. Бүгінгі жиында да Қостанай облысында өңірлік ғылымды дамытуға бағытталған шараларға тоқталды.blankblankblank

            «Бүгінгі отырысымыздың күн тәртібіне қойылып отырған мәселе – Қостанай облысындағы аймақтық ғылымды дамытуды шикізат өңдеу мен аймақ экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелерімен үйлестіре отырып қарау. Бұл түйткілдер күн тәртібіне кездейсоқ қойылған жоқ. Себебі олар қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр, – деді Ақылбек Күрішбаев. – Өңірде өңдеу саласында қосымша құн қалыптастырудың пайдаланылмаған зор әлеуеті бар. Бұл өндіріс тиімділігін одан әрі арттыруға және жүйелі негізде импортты алмастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы осы мәселеге ерекше назар аударып, үш жыл ішінде АӨК-дегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Бұл АӨК-ні ғылыми-технологиялық жаңғыртуды, цифрлық шешімдерді енгізуді, үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалануды және климаттық өзгерістерге бейімделуді талап етеді. Қостанай облысы – ауыл шаруашылығы жер көлемі 10 млн гектардан асатын, еліміздегі ең ірі аграрлық өңірлердің бірі және елеулі индустриялық әлеуетке ие. Өңірдің орнықты дамуы ғылыми тұрғыдан негізделген шешімдерді, климаттық тәуекелдерге бейімделуді, ресурстарды ұтымды пайдалануды, эмиссияны азайтуды және экологиялық технологияларды енгізуді қажет етеді».

blankОның айтуынша, өңірде ғылыми әлеует тапшылығы байқалады. 2024 жылғы статистикаға сәйкес, Қостанай облысының үлесіне Қазақстан бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) жұмсалған ішкі шығындардың небәрі 1,2%-ы тиесілі.

            «Мұнда халықтың жан басына шаққандағы зерттеушілер саны Алматы қаласымен салыстырғанда 8 есе аз. Бұдан бөлек, өңірдегі ғылыми дәрежесі бар ғалымдардың орта жасы – 54 жаста (ел бойынша орташа көрсеткіш – 50 жас). Сондықтан ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және өңірге жас зерттеушілерді тарту қажет. Сондай-ақ жергілікті жоғары оқу орындарының оқытушыларын ғылыми қызметке неғұрлым белсенді тартудың маңызы зор», – деп, өзекті мәселенің басын ашып айтты ол.blank

blankЖалпы, көшпелі отырыстың күн тәртібіне Қостанай облысын кешенді дамытудың басым бағыттары енгізілген. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту, агроөнеркәсіптік кешенде жоғары бөлініс деңгейіндегі өнім өндіру көлемін арттыру жайы талқыға алынды. Өнеркәсіпті дамыту және инновациялар – өңір өнеркәсібін әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелері қаралды. Өңірлік ғылымды қолдау және технологиялар трансфері – жергілікті жерлерде ғылыми қызметті күшейту, әзірлемелерді коммерцияландыру және өңірге озық технологияларды тарту жөнінде сөз қозғалды. Өндіріс үшін кадрлар даярлау, адами капиталды дамыту, білім беру жүйесін жаңғырту және өңір қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды мақсатты түрде дайындау туралы баяндамалар тыңдалды. Экологиялық тұрғыдан орнықты технологияларды енгізу – өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында «жасыл» шешімдерді қолдану, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту турасында пайымды пікірлер айтылды. Өндіріс пен агросекторды цифрлық трансформациялау – өңір экономикасына, соның ішінде ауыл шаруашылығына заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу тетіктері тілге тиек етілді.blankblankАкадемия өңірді дамытуға бағытталған нақты шешімдерді ұсынып отыр. Нақтылай тоқталсақ, біріншіден, өңірлік ғылыми-инновациялық қор құрып, облыстың нақты қажеттіліктеріне негізделген ғылыми зерттеулерді мақсатты қаржыландыру тетігін енгізу. Аталған бағыттар бойынша 5-7 басым ғылыми бағытты әкімдік Академиямен бірлесе отырып айқындайды. Өндірістік циклдің барлық кезеңдеріне – жаңа сұрыптар мен тұқымдарды шығарудан бастап, терең өңдеудің кешенді технологияларын және тиімді басқару шешімдерін енгізуге дейін ғылыми-технологиялық сүйемелдеу қажет.

Екіншіден, өңір ұзақ мерзімді, нақты стратегияға ие болуы тиіс. Ол жергілікті жердің бәсекелік артықшылықтарына негізделуі қажет және өңірдің жыл сайынғы даму жоспарлары мен басқарушылық шешімдерінің өзегіне айналуға тиіс. Тек осындай тәсіл ғана экономиканың және әлеуметтік саланың түрлі бағыттарының теңгерімді әрі орнықты дамуын қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, климаттық, агроэкологиялық және инфрақұрылымдық сценарийлерді модельдеу, өңірлік жоспарлауды оңтайландыру және өндірістік жүйелердің тұрақтылығын арттыру мақсатымен Қостанай облысында Академияның Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект және орнықты даму зертханасының базасында өңірлік ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру ұсынылады. Бұл өңірлік шешімдер қабылдау жүйесін қалыптастыруға негіз болады.blankАкадемия қадау-қадау жобаларды сараптау, кадрлар даярлау, инвестициялар тарту және түрлі бастамаларға белсене қатысу арқылы сенімді серіктес болуға дайын. Жиын барысында сөз алған облыс әкімі Құмар Ақсақалов Тобыл-Торғай өңірінің экономикалық әлеуетін танытатын ауқымды жобалар жөнінде ақпарат берді.blank

            «Өңір экономикасын даму үшін төрт негізгі стратегриялық бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Олар – машина жасау, көлік-логистика инфрақұрылымы, қара металлургия, агроөнеркәсіп кешені. Биыл индустрия саласында үш ірі жоба іске қосылады: КІА зауыты, жүк көліктері бөлшектерін өндіретін және жеңіл көліктер автокомпоненттерін шығаратын зауыттар. Олар іске қосылатын мерзім алыс емес. Сондай-ақ металлургия бағытында Рудныйда ыстық брекетті темір зауыт ашылмақ. «Тобыл» көлік-логистика кешенінің де құрылысы басталды. Ал АӨК саласында келесі жылдан бастап 12 жаңа сүт-тауар фермасы пайдалауға беріледі. Өнімді қайта өңдеуге, ішкі нарыққа шығуға, жаңа жұмыс орындарын құруға екпін саламыз», – деді Құмар Ақсақалов.

blankОблыс басшысы өз сөзінде ғылым қарыштап дамып жатқан, цифрлық шешімдер үстемдік құрып, жасанды интеллект алға шыққан дәуірде барлық салаға кіріккен жаңа технологияларды жедел игеру қажет екеніне тоқтала өтті. Мұндай мәжілістің мән зор, маңызы терең екенін айтып, ұтқыр ұсыныстар, келелі келісімдер таяу болашақта жемісін береріне нық сенімді екенін жеткізді.blankСондай-ақ көшпелі отырыс аясында ғылыми-инновациялық көрме ұйымдастырылып, өңірлік ғылымның басым міндеттерін айқындау мақсатымен Қостанай облысындағы жетекші ғалымдардың, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен форсайт-сессия өтті. Қатысушылар ғылыми қауымдастық пен өнеркәсіп арасындағы өзара іс-қимылдың мүмкіндіктерін талқылады.blankblank

Кейін Рудный индустриялық университетінде ресми түрде өңірлік форсайт-орталық ашылды. Орталық өңірдің ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындау, стратегиялық талдау және болжау бойынша маңызды алаңға айналмақ. Мұнымен қоса, Академия Ғылым қорымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын да айта кеткен жөн.blankКөшпелі отырыстың қорытындысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және саланы ғылыми қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үкіметке арналған аналитикалық жазба дайындау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ облыс әкімдігімен өңір ғылымын дамыту жөніндегі бірлескен жоспар әзірленіп, бекітілетін болады.

Толығырақ – газеттің алдағы санында.