Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы 20-шы қаңтар 2026 жылы өтті.
Ұлттық құрылтайдың осы уақытқа шейін еліміздің төрт аймағында өткенін және де осы құрылтайда көтерілген мәселелердің бәрінің де жалпы халыққа тигізген пайдасы айтарлықтай. Сол себептен қазір халық осы өтетін құрылтайды асыға күтіп отырады. «Халықтың қамы, мемлекеттің мүддесі», — деп айтқандай. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болып, ел экономикасының дамығанын жылдар өткен сайын бақылай түсудеміз.
Халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсарғанын, шет елдерге барып жүргенімізде салыстыра отырып бағалайсың. Және де қазір қазақ елінің халқы өздерінің демалысын, Қазақстанның әр жерінде сонымен қатар шет елде де жақсы ұйымдастыра біледі.
Бұның бәрі елдегі бейбітшілік, саясаттың дұрыс жолға қойылуына байланысты. Мен өзім де былтырғы жылы демалысымды екіге бөліп, өзімізбен кезінде бір одақта болған, туыстас тіліміз, дініміз бір Өзбекстан мен Әзербайжан еліне барып демалып келдім.
Салыстырмалы түрде байқағаным, біздің елдің экономикасы халыққа жасап жатырған қамқорлығы қай жерден де байқалады. Басқа елге барғанда ең бірінші көзің, сырттағы май құю станцияларына түседі. Мысалы, Өзбекстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы, біздің теңгемен шаққанда 480 теңге, ал біздің Қазақстанда ол кезде 205 теңге болды. Ал Әзербайжан еліне барған кездегі ең бір үлгі аларлық жай, олар өз егемендігін ерекше құрметтейді. Еліне барып аэропорттан түсісімен, өздерінің туын қай жерде де биікке іліп қояды. Тіпті қарапайым асхана, жекеменшік көп қабатты үйлердің терезесінен де осындай нышандарды көресің. Халқы өз тілін, дінін, мемлекеттік символикасын қатты құрметтейтіні, сырттан барған туристердің есінде қаларлықтай әсер береді.
V-ші өткен құрылтайда, Президентіміз Қ.К. Тоқаев өз сөзінде «Кез-келген жағдайда патриотизмді нығайтуға тырысу қажет және мемлекеттік символиканы – туымызды, елтаңбамызды, көліктерде, үйлерде, көшелерде және елімізде немесе шетелде өтетін спорттық және басқа да іс-шараларда дұрыс пайдалану маңызды. Көк Туымыздың желбіреп тұрғанын көргенде ерекше қуаныш сезіледі. Бұл арқылы еліміздің азаматтарының бірлігі мықты, ұлт ретінде тұтас екеніміз айқын көрінеді. Осындай әрекеттер олардың туған елін мақтан тұтатынын көрсетеді». Құрылтайда Президентіміздің айтқан бұл сөзі, әр Қазақстан азаматының ойында болып, көк туымыздың ашық аспанда мәңгі желбіреп тұру үшін, әрқайсымыздың биік болып, тәуелсіз еліміздің тұғырының биік қалануы үшін, адал еңбек етейік, — дегім келеді. Құрылтайда көтерілген әр тақырыпқа, әркім өз үлесін қосса, болашағымыздың жарқын болатынына сенемін.Мемлекттік символиканы құрметтеу арқылы, әлемдегі қаншама ұлттардың өз туының, әнұранының, елтаңбасының бар бола тұра, басқа елдерде қолданбауы қандай қиын. Біз қазақ елі өте бақытты елміз, аспанда желбіреген көк туымыз бар, туымыз көтерілгенде, оң қолымызды жүрегімізге қойып орындалар әнұранымыз бар, төрімізде тұратын елтаңбамыз бар, тарихы терең, дәстүрге бай тіліміз бар, ең бастысы егеменді тәуелсіз еліміз бар, осы құндылықтарымыз мәңгі болуына бір кісідей ат салысайық.
Амангелді аудандық мәслихатының төрағасы.
