Бүгін Қостанай қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жиын алдында журналистердің сауалдарына жауап берді.
“Бұл форум жыл сайын екі мемлекет арасында өткізілуде. Бірінші форум 2003 жылы Омбы қаласында өткен еді. Биыл жиырма жыл толып отыр. ХІХ форумның тақырыбы ауыл шаруашылығына арналған. Бес жүзден астам адам жиналды. Ресей жақтан губернаторлар мен ауыл шаруашылығы мамандары, сарапшыларымен он екі облыстың делегация келді”, – деп атап өтті облыс әкімі.
Бұлардың қатарында үлкен компания басшылары да бар екенін айта кетейік. Біздің Қазақстаннан сегіз облыстың өкілдері қатысуда. Форумда азық түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылық секторына гемобалин енгізу, жастарды ауыл шаруашылығына тарту мәселелері талқыланғалы отыр.
«Бұл іс-шара жоғары деңгейде өтеді деп сенеміз. Жақсы дайындықтан өтіп, шақырылған кісілердің бәрі келді. Біраз құжаттарға қол қойылады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы тауар айналымының үлес салмағы 3,8 млрд құраса, биыл ол көрсеткіш 23 пайызға артық», – деді Құмар Ақсақалов.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, форумдағы ең өзекті мәселе климат жайы болмақ.
«Осы облыста соңғы бес жыл ішінде екі рет құрғақшылық болды. Биыл жауын мөлшері көп түсіп, біраз қиыншылқтар болды», – деді министр.