Өңіраралық форум аясында «Баян сұлу» АҚ басқарма басшысы Тимур Садықов компанияның 40% өнімі экспортқа жөнелтілетінін айтты. Қостанай тәттілері көрші мемлекетте кең сұранысқа ие. Фабрика басшысы мұндай өңіраралық форум қос тараптың тығыз қарым-қатынас орнатуына зор мүмкіндік беретіндігін алға тартады.
Бүгінде фабриканың бар өнімі Қытайдағы көрмеге қойылған. Сондай-ақ, Қостанайдың конфеттері Монғолияға жөнелтілмек.