Полиция департаменті Халықаралық форум өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Жеке құрам қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінен. Полиция нарядтарының саны артты. Ведомство қала жолдарымен жүру шектелмейтінін атап өтті.
Сонымен қатар, іс-шара өткізілетін орындарға бару шектеулі. Түсіністікпен қарауды сұраймыз.