«Екатеринбург – Алматы» тас жолындағы Қарабалық ауылының маңында қатты аяз салдарынан Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған автобустың жанар-жағармайы қатып қалған.
Жол қызметкерлері дер кезінде автобусты жақын маңдағы кемпингке сүйреп апарып, көлікті оталдырып берген.
Автобус ішінде 55 адам болған, оның алтауы бала.
Зардап шеккендер жоқ, жолаушылар медициналық қызметті қажет етпеген.
Автобус өз бағыты бойынша жолға аттанды.