Қостанайлық жауынгер Қазан қаласында өткен гір көтеру турнирінде жүлдегер атанды

Қостанайлық жауынгер Қазан қаласында өткен гір көтеру турнирінде жүлдегер атанды

Қостанайдағы Ұлттық Ұлан жауынгері Арман Жүнісов сегіз елдің мықтылары күш сынасқан жарыста қола жүлде иеленіп, елге олжамен оралды.

Гір спортынан ҚР спорт шебері, 2016 жылғы әлем чемпионы, 2018 және 2024 жылдардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, 6697 әскери бөлімі 1-ші жедел мақсаттағы батальонының аға маманы (аға жүргізуші) ефрейтор Арман Арқадиярұлы Татарстанда білек күшін тағы бір дәлелдеді. Халықаралық гір спорты турниріне Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Беларусь, Сербия, Польша, Қырғызстан және Қытай елдерінің спортшылары қатысты. Арман 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 24 кг гірмен екі сайыс бойынша өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерді жақын жандары мен әріптестері құрметпен күтіп алды. Арманды алда жаңа белестер күтіп тұр. Ол 26-29 сәуір аралығында Әлем чемпионаты Кубогында (Өзбекстан) кәсіби спортшылар арасында Қазақстан Республикасының құрамасы атынан тағы да бақ сынайды. Арман – мықты спортшы ғана емес, қарапайым, сабырлы, ішкі жан дүниесі бай азамат.

“Спорт – дене жаттығулары ғана емес, ол адам өмірін тәртіпке келтіретін, ерік-жігерді күшейтетін, жауапкершілік сезімін арттыратын өмір салты” – дейді Арман.

Гүлназ Өмірзақ,

ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу