Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде (ТЖД) аумақтық бөлімшелерден келген 17 құтқарушылар командасын біріктірген «Жайдарман» ойыны өтті.
Қатысушылар қауіп – қатердің алдын алуда үнемі дайындық бабында жүргендеріне, әрі мамандықтарының өзгешеліктеріне қарамастан сахнада жақсы ойын өрнегін көрсетті.
Көрермендер батыл да жігерлі, қырағы жандардың қойылымдарын тапжылмай, сағаттап тамашалады.
Нәтижесінде бірінші орынды М. Мамраев атындағы ІІ — ші құтқару батальонының «NOMAD» командасы, екінші орынды Жангелдин ауданының «Торғай облысының құрамасы» командасы, үшінші орынды облыстық төтенше жағдайлар басқармасының «Тоқташы бауырым» командасы иеленді.
«Үздік ойыншы» аталымына Алтынсарин ауданы, Силантьевка ауылының №14 ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Әділет Ғалым лайық деп танылды.
Номинациялар бойынша: «Болашағынан үміт күттіретін команда» — Қамысты ауданы, «Ең әсерлі сахналық көрініс» — Әулиекөл ауданы, «Ең шынайы патриоттық ой» — Наурызым ауданы, «Ең ұйымшыл команда» — Қарасу ауданы, «Көрермен көзайымы» — Рудный қаласы, «Ең креативті команда» — Алтынсарин ауданы, «Ең қызықты қойылым» — Қостанай қаласы (№6 ӨСБ), «Ең үздік әзіл» — Амангелді ауданы, «Төтенше жағдайлар стиліндегі үздік әзіл» — Қостанай қаласы (МӨСБ-1) марапатталды.
Командаларға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталып, сайыс жоғары көңіл — күйде аяқталды. Облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Назарали Селимов қатысушыларды құттықтап, іс — шараның маңыздылығын атап өтті.

«Ет — жүректен жаратылғасын әзіл мен күлкі кімнің болмасын жанына жақын. Мұндай сайыстар әріптестердің ынтымақ пен бірліктерін арттырып, жаңа шығармашылық қырларын ашуға мүмкіндік береді», – дейді жүлдегерлер қатарынан көрінген Жангелдин ауданы «Құтқарушылар» командасының жетекшісі Мейрамбек Бейсенбек.
М.Бекетұлы
Қостана
й қаласы.
