Үздік спортшылар марапатталды

Үздік спортшылар марапатталды

Қостанай қаласының спорты қалыптасқан берік дәстүрімен, мықты мамандарымен, өз ісіне шын берілген тұлғаларымен әлеуетті. Елдің мақтанышына айналған спорт саңлақтары марапатталды.

Қала әкімі Марат Жүндібаев облыстан бөлек, Орта Азия, әлем тұғырында биіктен көрінген үздіктерді құттықтап, ақшалай сыйлықтарын табыс етті.

«Бүгін қаламыздың спорт саласында маңызды іс-шара өткелі тұр. Жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшылар мен бапкерлерді марапаттағалы отырмыз. Осы ретте барлық спортшыларға, бапкерлерге алдымен үлкен алғысымды білдіремін. Тәуелсіздік күні қарсаңында дәстүрлі чемпиондар форумын өткізуіміз тегін емес. Бұл бастама осыдан тура үш жыл бұрын қалыптасқан еді. Жыл бойы жеткен жетістікті атап өту тамаша қағида. Бірінші жылы үздік спортшылар 150 мың теңге алса, қазір тағайындалатын сыйақы 450 мың теңгеге жетті. Ол дегеніміз, қаланың мақтаныштарына деген алғыс пен құрметтің белгісі», – деді Марат Жүндібаев.

Иә, анау айтқандай, биыл спортшыларымыз үлкен биіктерден көріне білді. Азияда топ жарып, жүлдемен оралып жатты.

blank blank blank blank blank blank blank blank

Әсіресе, тоғызқұмалақ, грек-рим күресі, дзюдо, бокс, кикбоксинг, тау шаңғысы, гір спорты, ауыр атлетикадан мерейіміз асқақтады. Олимпиадалық спорттан түрлерінен де жеңістерді қоржынға салдық. Қаланың спортқа тартылған тұрғындары бүгінде 46 пайызды құрайды. Осы жыл спорттық инфрақұрылым дамуына жаңаша серпін бере түскендей. Мәселен, Юбилейный шағын ауданында сауықтыру кешені салынды. КСК шағын ауданында жекпе-жек спорт түрлеріне арналған спорт кешені пайдалануға берілді. Жағалауда стадион құрылысы басталды. Триатлон паркте спортпен айналысуға мүмкіндік пайда болды. Келер жылы ол маңда мини футбол алаңы пайда болмақ. Қалада әрбір салынып жатқан алаңдарда жүгіру, жаттығу орындары баршылық. Қонайға сондай жан-жақты қамтамасыз етілген алаң тұрғызылғалы отыр. Мектептерде спорт алаңдарын модернизациялау шарасы жүргізіле бастады. Бұл әлеует осы қарқынға үлес қосып жатқан азаматтардың арқасы десек артық етпес.

blankСондай жандардың бірі Жұмақан Нұрқанұлы. Қазір Қостанай қаласының қазақ күресі бойынша аға жаттықтырушысы қызметін мүлтіксіз атқарып келеді.

blank

«Бүкіл өмірімді қазақ күресінің дамуына, спортшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге арнап келе жатырмын. Дарынды спортшыдан бастап жоғары дәрежелі жаттықтырушыға дейінгі жолды жүріп өткен еңбегіміз бүгінде бағаланып жатыр. Алайда жастарға өзімнің баға жетпес тәжірибемді толық бердім деп айту ерте деп ойлаймын. Табысқа жеткізіп, өрге бастайтын сәт әлі алда», – дейді Жұмақан Қасымханов.

Татьяна Нерознак болса, жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

blank

Көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған Татьяна Александровна «Neroznak team» жүгіру клубын ашып, барлық жастағы әуесқой спортшыларды тегін жаттықтырып жүр. Оның спорт клубына ниет білдірірген кез келген жан барып айналыса алады.

 

Қостанайда танымал «Allianz Sport» дүкені жұмыс істейді. Қаланы жыл бойы спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, үнемі демеушілік көмек көрсетеді.

blank

Сауда үйінің директоры Алик Якуповке де қала әкімі құрмет көрсетіп, сый-сияпатын ұсынды. Осы орайда»Легион» спорт тауарлары дүкенінің директоры Қайрат Ысқақұлы Әлмұхамбетовтің жыл бойы тұрақты түрде демеушілік көмек көрсетіп, спорттық жабдықтармен қамтамасыз етіп келе жатқан еңбегі де аталып өтті.

blank

«Арамызда сіздер секілді азаматтардың көп болғаны елге береке мен жылу сыйлайды. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, үлкен көмектің арқасында Қостанай қаласының күнін мерекелеуге орайластырылған жарқын және маңызды спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік туды», – деп алғысын білдірді.

blank

Олардың қатарында»Велосалон» Велосипед дүкенінің иесі Иван Калинин де бар.

Республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаз-жүлдегерлеріне де кезек келді.

blank

Солардың бірі тоғызқұмалақтан спорт шеберлігіне кандидат, Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Әмина Сәдір. Ол биыл Жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақтан әлем чемпионатының жүлдегері атанған болатын. Әминанның жаттықтырушысы Құралай Байболатқызы

жоғары біліктілік деңгейіндегі жаттықтырушы.

blank

Жастар арасында муай тайдан Қазақстан чемпионы Даяна Асылжанова мен жаттықтырушысы Серік Маратұлы көптің алғысына бөленді.

Джиу-джитсудан 2025 жылғы жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионы Батырбек Абдулла мен жаттықтырушы Мұрат Ғазизұлы марапатталды.

blankblank

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы грэпплингтен әлем чемпионы Ахмет Ибрашев ақшалай сыйлыққа ие болды.

blank

Ол Жоғары білікті, жоғары санаттағы жаттықтырушы Рамазан Құсайыновтың қарауында жаттығып келе жатыр.

blank

Жапонияда өткен 15-ші Жазғы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегерілері Данияр Ескендіров, Қанат Қонқубаев, Бижан Төлеубаев, Абылай Бүркітбайдың да еңбегі елеусіз қалған жоқ.

blankblankblankblankblank

Бұл спортшыларды Үстел теннисінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Ислямұлы Данияров дайындап жүр.

blank

Кикбоксингтен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының, Түркияда өткен ересектер арасындағы Әлем кубогының күміс жүлдегері Алина Төлегенова мен жаттықтырушысы Әскер Мақұбаев та сахна төрінен көрінді.

blank

Тоғызқұмалақтан спорт шебері  Жастар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері,  Жастар құрамасының мүшесі Айым Әлібекқызы мен жаттықтырушысы Батырхан Әбілбековтің атына да мадақ айтылды.

blank

Ол қатардан пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Египеттегі пауэрлифтингтен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Фархад Мутунов пен бапкері Дмитрий Царенко да табылды.

blankblankШаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қытайдағы эстафетадағы 10 Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері, Щучинск қаласында өткен Қазақстан Республикасының қысқы спартакиадасының жеңімпазы Наиль Башмаков пен бапкері Владимир Ковалев та қала әкімінің алғысын алды.

blankblank

Биыл жерлестеріміз Егор Шерер мен Денис Полубояринов ауыр атлетикадан топ жарғаны спорт сүйер қауымға жақсы таныс.

blankblank

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қытайдағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Егор Қазақстандағы алтыншы Жастар ойындарының чемпионы атанды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Денис күні кеше Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы болды. Осылайша, бапкерлері Сергей Коршиков Тобыл-Торғай жұртымен бөркін аспанға атып қуанды.

Грек-рим күресінен спорт шебері Әлихан Дурсунов Қырғызстанда еліміздің атын шығарды. Ол жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

blank

Ол жарысқа Әлиханды жаттықтырушысы Артем Машкин баптап апарған еді.

blank

Дәстүрлі «Олимпиадалық үміт» номинациясында жас гимнаст Илья Зайцев — VI Жастар ойындарының және Қазақстан Республикасының спорттық гимнастика чемпионатының жеңімпазы және оның бапкері Сергей Сергеев марапатталды.

Осы тұста грек-рим күресіне үлес қосып жүрген бапкерлердің есімдері аталды.

blank

Евгений Сорокиннің ол салада 23 жыл тәжірибесі бар. Жұмыс барысында 20-дан астам спорт шеберлерін, соның ішінде Қазақстан Республикасының чемпиондарын, Азия чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлерін, әлем чемпионаттарының жүлдегерлерін дайындады.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев