Арқалықта қала және ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында «Жасанды интеллект және оның жастарға әсері» атты дебат турнирі өткізілді.
Турнир Арқалық қалалық білім бөліміне қарасты Қосымша білім беру орталығының «Әділет» пікір — сайыс үйірмесінің ұйымдастыруымен және Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының қолдауымен еркіндік алды.

Дебат барысында жас пікірсайысшылар өз білімін, ойлау және шешендік қабілетін барынша аша түсті. Нәтижесіне тоқталар болсақ: I орынды №7 жалпы білім беретін мектеп, II орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, III орынды Ш.Уалиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп иеленді. А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназия да финалистер қатарынан көрінді.

Турнирдің «Үздік спикері» болып Айжан Дүйсен (№1 мектеп), «Үздік төрешісі» болып Эльмира Кеулімжаева танылды.
Барлық қатысушылар арнайы дипломдармен мараппаталды және жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтарға ие боллы. Ұйымдастырушылар турнирдің әділ әрі жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткені үшін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің «Ақиқат» дебат клубына шынайы алғыстарын білдіреді.
Қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Данияр Қожахметовтің пікірінше осындай зияткерлік жарыстар жастарға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Мұрат Жүнісұлы Арқалық қаласы
