Еңбек майталмандарын Жангелдин ауданының әкімі Дінмұхамед Бидашев өзі бас болып құттықтап, марапаттарын салтанатты түрде табыс етті.
Жангелдин ауданында ата кәсіп мал шаруашылығы саласы бойынша өсім бар.
Инвестиция бойынша 2025-2026 жылдары «ASK GROUP КAZAKHSTAN» ЖШC Қостанай облысы Жангелдин ауданы Шилі ауылдық округінде 5000 бас ірі қара малға бордақылау алаңының құрылысы инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жалпы сметалық құны 2 000,0 млн теңгені құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен өз қаражаты есебінен жүргізіледі деп жоспарлануда. 1 жылда 1 000,0 тонна ет өндіріледі деп күтілуде, қаржылай есеппен алғанда 2 500,0 мың теңгені құрайды. Тұрақты жұмыспен 15 адамды қамту жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай марапатталушылар қатары да көптеп саналды. «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» бірлестігінің «Құрметті ардагер» медалімен«Бауыржан» шаруа қожалығының басшысы Нұрқожа Ерназаров, «Кеңес» шаруа қожалығының басшысы Талғат Мырзағалиев,«Кенесары АБК» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Айтжанов, «Береке» шаруа қожалығының басшысы Мағзұм Баймағамбетов, «Жанбақыт» шаруа қожалығының басшысы Бүтінбай Смайыл марапатталды.
Сонымен қатар, облыста өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні «Еңбек ардагері» медалімен «Ер-Мұра-Қазына» шаруа қожалығының басшысы Бақыт Нұрғалиұлы мен «Қос-Әділет» шаруа қожалығының басшысы Шәкір Бекбосынов марапатталған болатын.
Агроөнеркәсіп кешенінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Еңбек даңқы медалімен:
III-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» медалі «Алмас» шаруа қожалығының агрономы Олжас Райыс, II-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» медалімен аудандық фитосанитарлық диагностикалық болжамдар орталығының жүргізушісі Жамбыл Нұрғалиев, III-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» медалімен аудандық фитосанитарлық диагностикалық болжамдар орталығының басшысы Марғұлан Есполов марапатталды.
Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қостанай облысы әкімінің грамотасы «Бикен» шаруа қожалығының механизаторы Нұрлан Қабылдин, «Тосын» шаруа қожалығының жылқышысы Елдос Қыстаубаев, «Сыма — К» шаруа қожалығының механизаторы Нұрлыбек Әбеновтерге табыс етілді.
Мұның сыртында минстрліктердің, басқармалардың, аудан әкімінің марапаттары да еңбек ерлерін молынан қамтыды.
«Жылдағы дәстүр бойынша ауданда егін жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін, өткен ауыл шаруашылығы жылын қорытындылай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің еңбеккерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр. Бұл қорытындылау — бір мезгілде ауыл шаруашылығы саласының ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізуге, таяу болашақтағы одан арғы міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді», – дейді Жангелдин аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ернұр Иманғалиев.
Мұрат Жүнісұлы Жангелдин ауданы
