Қостанай облысының атынан қатысқан үш оқушы бір күміс, екі қолаға қол жеткізіп, халықаралық медальдар иегері атанды. Наргиз Абжанова күміс алса, Әлібек Қадыралинов пен Мүсілім Даиров қола жүлдені еншіледі.
Химия пәні бойынша облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері Әлібек Қадыралинов пен Мүсілім Даиров Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында білім алып жатса, ал Наргиз Абжанова«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушысы.
Жезқазған қаласында өткен Қ. Сәтбаев атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан 80-нен астам қатысушы қатысты.
Осыған дейін өткізіліп келген республикалық олимпиада биыл халықаралық мәртебеге ие болып, оқушыларымызға өздерін жоғары деңгейде көрсетуге тағы бір мүмкіндік берді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химияны оқуға деген қызығушылығын арттыру болып қала береді.
