Қостанайда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтті

Қостанайда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтті

Бүгін, 28 тамызда, күннің бірінші жартысында жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілді.

Іс-шара барысында құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға жедел ден қою, шартты терроризм актісінің жолын кесу, сондай-ақ оның салдарын барынша азайту және жою бойынша практикалық дағдылары пысықталды.

Оқу-жаттығу алғашқы ден қою күштерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және ықтимал қауіп-қатерлерге дайындықты нығайтуға ықпал етті.