13 сәуірде Қостанай қаласының аумағында екі айлық санитарлық тазарту іс шарасы аясында екінші жалпықалалық сенбілік өтеді.
Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Сенбілік сағат 10.00 – ден сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Жиналған қоқысты коммуналдық қызметтер тегін шығарады, ол үшін 109 нөмірі (iKomek қызметі) бойынша өтінім қалдыру қажет”, – делінген хабарламада.