Қостанайда Ұлыстың ұлы күнін тойлау 14 наурыздан басталады

Қостанайда Ұлыстың ұлы күнін тойлау 14 наурыздан басталады

Бұл күн қазақ ұғымында “Амал күні” деп сипатталады. Ағайын-туыспен кездесіп, көктемнің басталуымен құттықтап, бір-біріне қонаққа барады. Осы күні орталықтағы сахнада “Амал келді, жыл келді!” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

“15 Наурызда Шаттық күнінін атап өтеді. “Мирас” МҮ өнерпаздары мен “Арт спорт” жобасының қатысушылары “Наурыз көктем – Қостанай!” іс-шарасын «Март» және «Kostanay Plaza» орталығында өткізеді. 16 наурыз Алас күні – рухани және физикалық тазару күні. “Наурыз думан” фестивалін пәтер иелерінің тұтыну кооперативі мен мүлік иелерінің бірлестіктері арасында өткізуді жөн көріп отырмыз. Береке күнін 17 наурызда “Берекелі дастархан” челенджімен жалғаймыз. Яғни ұлттық тағамдардың тарихына тоқталып дайындалу әдісімен бөлісетін болады. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында ұлттық тағамдардың таныстырылымын өткізу жоспарлануда. 18 наурызды отбасына арнаймыз. Қалалық кітапхана «Kostanay Plaza» орталығында “Ұлттық құндықлықтар – тәрбиенің түп қазығы” іс-шарасын өткізеді”, – дейді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мәжит Шүленов.

19-20 күні қайырымдылық және шымырлық күнін атап өтеді. Биылғы Наурыз мейрамы Рамазан айымен тұс келіп тұр. Осыған орай, қарттар үйі мен балалар үйіне сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қоржындары таратылады. Ал шымырлық күні ұлттық ойындардан сайыс болады.

Негізгі іс-шаралар 21-22 наруыз күні өтеді. Жиырма бірі күні “Жаңа күн – Наурыз бастау” ауқымды іс-шарасы “Әуежай”, “Қонай “, “Юбилейный” және КСК ауданындағы “Жастар” бульварында болады. Бұл аудандарда киіз үйлер тігіліп, концерт, ұлттық ойындар мен сайыстар ұйымдастырылады.

Ал жиырма екісі күні орталық алаңда отыздан аса киіз үй тігіліп, кеңінен тойланады. Театрландырылған қойылым көрсетіліп, жергіліткі өнерпаздар мен колледж, мектептердің ұжымы қатысады.

“Әуежай және темір жол вокзалында киіз үйгер орнатылады. Мереке қарасыңда облыс орталығына екі мыңнан астам қонақ келеді. Орталықта палау фестивалін өткіземіз”, – деді М.Шүленов.

Қала әкімі Марат Жүндібаев іс-шаралар легін тағы бір пысықтап, ПИТК мен МИБ-ке осы бастан қамдануды тапсырды.

“Аулаларда әзірлік жұмыстары басталуы керек. Өткен апта аяз күшейгендіктен, қысқы сенбілікті өткізе алмадық. Енді күн сынды, қар шығару, тазалау жұмыстарына кірісе беруге болады. Бізде балалар және ойын алаңдары жоқ аулалар бар. Қосымша қаржы бөліп қаланың қоғамдық өміріне белсене араласатын бірлестіктерді тізімге енгізу керек деп санаймын”, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Марат Жүндібаев орталық алаңға тігілетін киіз үйлерге халық еркін кіре алу керек деп толықтырды.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

 

Жаңалықтармен бөлісу