14 июля, 2025
Қостанайда ТЖМ қызметкерлері құрылыс қоймасын өрттен аман сақтап қалды

Қостанайда ТЖМ қызметкерлері құрылыс қоймасын өрттен аман сақтап қалды

Қостанай қаласындағы Қобыланды батыр даңғылы мен Киевская көшесінің қиылысында орналасқан құрылыс материалдары сақталған қойма аумағында өрт шықты. Өрт 300 шаршы метр аумақты шарпыған.

Тілсіз жау құрылыс қалдықтары жатқан аумақтан тұтанып, жақын маңдағы ғимараттарға таралу қаупі туындады. Алайда Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өртті уақытылы оқшаулады.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жоғары деңгейде ұйымдасқан іс-қимыл көрсетіп, өрттің қоймадағы құрылыс материалдары мен жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол бермеді. Жедел штаб құрылып, арнайы техника мен мамандар жұмылдырылды. Қазіргі таңда суды көп мөлшерде төгу арқылы өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Атап айтқанда, құрылыс қалдықтарын көп мөлшерде жинауға және сақтауға болмайды. Себебі олар өте тез тұтанып, өрттің жылдам таралуына себеп болуы мүмкін.