Облыс әкімінің орынбасары Берік Таңжарықовтың қатысуымен облыстық ТЖД қызметкерлерінің 2025 жылғы су тасқынына дайындығы аясында техникалық құрал-жабдықтары тексерілді.
Бұл шараға облыстың барлық аудандарының ТЖД қызметкерлері қатысты.
«Су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары тек техникалық құралдармен ғана шектелмейді, сонымен қатар халықты да қауіпсіздік ережелері мен әрекет ету дағдыларын үйрету өте маңызды. Осыған орай тұрғындармен жүйелі жұмыстар жүргізілу қажет», – деді облыс әкімінің орынбасары.
Тексеріс барысында барлық қажетті техникалық қосымша арнайы жабдықтар анықталып, алдың алу шаралары пысықталды.