Қазақстанда интернеті бар алғашқы пойыз сапарға шықты

Қазақстанда интернеті бар алғашқы пойыз сапарға шықты

Бүгін елордадан №3/4 «Астана-Алматы» бағыты бойынша жүретін пойыз жолға аттанды.

«Бұл пойыз жолаушыларға интернетке қол жеткізу мүмкіндігін ұсынған Қазақстандағы алғашқы жоба болды. Жаңашылдық спутниктік технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылып, алғашқы рейсте 500 жолаушы интернеттің артықшылықтарын пайдаланып үлгерді», – деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы.

Сапар барысында жолаушылар WhatsApp арқылы хабар алмасып, YouTube-тан бейнелер көріп, басқа да танымал интернет сервистерін пайдалана алады.

blank blank

Дегенмен, торренттер мен ағынды жүктеу сайттарына қолжетімділік шектелген. Локомотивке орнатылған заманауи спутниктік жабдық бүкіл маршрут бойы тұрақты әрі жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етеді.