Облыстық орыс драма театрында көрнекті норвег драматургі Хенрик Ибсеннің пьесасы бойынша «Қуыршақ үйі» атты жаңа қойылымның премьерасы көрсетілді.
Онда Мәскеуден келген мамандар тобы жұмыс істеді. Эдуард Кашпоров-режиссер, Анастасия Савина-декорация дизайнері, Никита Корабльов-би қоюшы.
«Бұл шығарма жазылғанына көп жылдар өтсе де өзегін жойған емес. Себебі көрерменге ой тастайды. Ондағы әйел теңдігі, қоғамдағы және отбасындағы келеңсіздіктер бүгінгі күнде де өзекті. Сол себепті мен осы шығарманы терең мазмұнына қарап таңдадым», – дейді режиссер Эдуард Кашпоров.
«Қуыршақтар үйі» – бұл шынайы өмірдегі адамның өзімен өзі бола білуі, өз құқығын қорғай алуы және батылдықты сипаттайтын туынды.

Спектакль осы күнге дейін өзекті тақырып, әйелдердің қоғамдағы рөлі, міндеті мен құқығы туралы ой қозғайды.
Әйелдерге қамқор боламын деп билеушіге айналып кетуі мүмкін бе деген мәселені көтереді.
Рөлдерді: адвокат — Григорий Легки, Нора — Ольга Котова, Дәрігер — Александр Кузнецов, Линн ханым — Любовь Носатенко, Крогстад — Сергей Щербинин, Қызметші — Ольга Муляк сомдады.
Келем десеңіздер, » Қуыршақ үйі» драмасы қаңтар айының 23, 24, 25, күндері орыс драма театрында көрсетілетін болады.
Бота МАНЕТ
