Мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг: Қостанай облысы алдыңғы қатарда

Мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг: Қостанай облысы алдыңғы қатарда

Мемлекеттік қызмет сапасы — жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) жұмысының тиімділігін көрсететін басты индикаторлардың бірі. Finprom сайты әр өңір әкімдіктерінің осы міндетті қалай атқарып жатқаны туралы талдамалық материал жариялады.

«2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері туралы есептің» деректеріне сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының орташа бағасы — 4,86 балл, бұл жоғары көрсеткіш саналады. Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне толық қанағаттану деңгейі 86,7 пайызға жетті. Аталған екі көрсеткіш те алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоғары.

Жергілікті атқарушы органдар бөлінісінде жағдай мынадай: елдің 20 өңірінің 17-сінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы 4,80–4,93 балл аралығында жоғары бағаланды. Қалған 3 өңірде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы «ортадан жоғары» деңгейде. Қостанай облысы алдыңғы қатарлы өңірлер тізімінен табылды.Бұдан бөлек, «электрондық үкімет» порталы арқылы жүргізілген сауалнама негізінде жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерге онлайн-мониторинг жүргізілді. Онлайн-мониторинг қорытындысы бойынша МИО-ның орташа бағасы 4,92 балл болып, толық қанағаттану деңгейі 90,6 пайызға жетті. Бұл көрсеткіштер офлайн-сауалнама нәтижелерімен салыстырғанда сәл жоғары.

Онлайн-мониторинг нәтижесіне сүйенсек, рейтиңде Қостанай облысы 4,98 балл және 96,6% толық қанағаттану көрсеткішімен көш бастап тұр.blank

Одан кейінгі сатыларда — Шығыс Қазақстан облысы (4,98 балл және 96,5% толық қанағаттану) және Батыс Қазақстан облысы (4,98 балл және 89,6% толық қанағаттану).
Рейтингтің соңғы орындарында Алматы қаласы әкімдігі (4,83 балл), сондай-ақ Жамбыл (4,85 балл) және Ұлытау (4,85 балл) облыстарының әкімдіктері орналасқан.

«Нәтижелердің шынайылығын арттыру және кешенді бағалауды қамтамасыз ету мақсатында есепте онлайн-мониторинг пен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) шеңберіндегі мониторинг деректерін біріктіру негізінде жергілікті атқарушы органдардың рейтингі қалыптастырылды. Жалпы баға екі зерттеу әдісі бойынша алынған көрсеткіштердің арифметикалық орташа мәні ретінде есептелді», — деп келесі бір индикатор туралы жазады аталған сайт.

Кешенді бағалау қорытындысы бойынша, рейтингтің бастапқы орындарын келесі өңірлердің жергілікті атқарушы органдары иеленген:
• Шығыс Қазақстан облысы (4,95 балл және толық қанағаттану деңгейі – 94,6%);
• Ақмола облысы (4,94 балл және толық қанағаттану деңгейі – 94,1%);
• Қостанай облысы (4,94 балл және толық қанағаттану деңгейі – 94,0%).

Рейтингтің соңғы қатарында Қызылорда облысының (4,84 балл және толық қанағаттану деңгейі – 79,8%), Астана қаласының (4,84 балл және толық қанағаттану деңгейі – 87,2%) және Жамбыл облысының (4,84 балл және толық қанағаттану деңгейі – 87,5%) жергілікті атқарушы органдары орналасты.

blankАйта кету керек, кешенді бағалау нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанның барлық өңірінде мемлекеттік қызмет көрсету жөнінен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі жоғары деп бағаланады.