Арқалықтықтар салық төлеушілермен кездесті

Арқалықтықтар салық төлеушілермен кездесті

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Осыған орай, арнайы мамандардың қатысуымен салық төлеушілермен кездесу өткізіліп, салық жүйесіндегі тың өзгерістердің жай — жапсары түсіндірілді.

Арқалық қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ержан Карбозовтың мәлімдеуінше: «Салық кодексіндегі жаңа өзгеріске сәйкес, үш арнаулы салық режимі көзделген». Олар: 1. өзін-өзі жұмыспен қамтығандарүшін; 2. оңайлатылған декларация негізіндегі; 3. шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.

blank

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимге көшу үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы мобильдіқ осымшада алғашқы чекті қалыптастыру күніне дейін (2026 жылғы 28 ақпанға дейін) жеке кәсіпкер ретінде есептен шығу қажет.

Оңайлатылған декларация негізіндегі режимді қолдану үшін 2026 жылғы 1 наурызға дейін осы режимге көшу туралы хабарлама ұсыну қажет. Мұндай хабарлама ұсынылмаған жағдайда, салық төлеуші 2026 жылғы қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданушы болып танылады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап хабарламаны: Салық төлеушінің кабинеті арқылы; ірі банктердің мобильдіқ осымшалары арқылы; орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде ұсынуға болады.

«Салық саласындағы жаңа өзгерістер салық салу тәсілін түбегейлі өзгертеді, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, бизнес пен жеке тұлғаларға арналған цифрлық сервистерді енгізеді»,-дейді салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізген қалалық мемлекеттік кірістер, кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлер палатасы және банк саласының өкілдері.

 

                                          Мұрат Жүнісұлы                                                                                           Арқалық қаласы