Арқалық қаласынан 7 шақырым жерде жергілікті маңызы бар автомобиль жолында құтқарушылар қар құрсауында қалған автокөлікті шығарып алды.
Жеңіл автокөлік ішінде бір адам болған. Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп апарды. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ жүргізушілерге қыс мезгілінде жолдарда барынша абай болу қажеттігін ескертеді. Ауа райының жағдайын ескеріп, өзімен бірге қысқы жол жүру үшін қажетті жиынтықты алып жүріп, автомобильдің жай-күйін үнемі тексеріп отыру керектігін айтады.
Бұған дейін облыстық ТЖД дауылды ескерту жариялаған болатын.
Бүгін Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауып, бұрқасын күтілетінін хабарлады. Күндіз бұл құбылыс облыстың шығысында қайталанғалы тұр, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 секундтан асады деп болжанып отыр.
ТЖД облыс тұрғындарына ертең де абай болуды ескертеді. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұманды ауа райы болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 23-28, облыстың оңтүстігінде, шығысында 20 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.