Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір ауданда оқушылар қашықтан оқитыны хабарланды.
Мәселен, Қарасу ауданының 23 мектебі онлайн форматқа ауыстырылмақ. Алты мектепте бастауыш сыныптар, 17 мектеп толықтай онлайн форматта оқуын жалғастырады.
Науырзым ауданыда Жамбыл, Докучаев, Шолақсай, Шилі, Науырзым (1-9 сыныптар), Буревестник, Дәмді (1-11 сыныптар) жалпы білім беретін мектептерінде 1-ауысым үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Фото: gov.kz