Қостанай облыстық мәслихаты депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидат Мухтар Оджахвердиев Қостанай қаласының индустриялық аймағында орналасқан «KamLitKZ» ЖШС ұжымымен кездесті.
Әңгіме барысында өнеркәсіпті дамыту, кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп өңір экономикасында маңызды орын алатын Қостанай облысы үшін бұл бағыттардың маңызы зор.
Қолданыстағы өндіріс орындарының тұрақты жұмысы мен жаңа кәсіпорындардың ашылуы халықты жұмыспен қамтуға және тұрғындардың кәсіби тұрғыдан өсуіне мүмкіндік береді.
Мухтар Оджахвердиев өнеркәсіпті дамыту үшін инвестиция мен өндірістік қуаттарды арттыру ғана жеткіліксіз екенін атап өтті. Сонымен қатар мамандар даярлау, кәсіптік білім беру жүйесін жұмыс берушілердің сұранысына бейімдеу және кәсіпорындардың жұмыс ауқымын кеңейтуіне жағдай жасау маңызды.
Бұл бағыттар «Әділет» партиясының 2026-2031 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасында да қамтылған. Бағдарламада 41 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу міндеті қойылған. Бұдан бөлек, 4 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісіне қолдау көрсету көзделген. Алдағы бес жылда бизнеске қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсетуге 26 млрд теңгеден астам қаражат бағыттау жоспарланып отыр.
Кәсіптік білім беруге де ерекше мән берілген. Бағдарламаға сәйкес, 9-сынып түлектерінің сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін білім алуына мүмкіндік қарастырылған. Сондай-ақ STEM және инженерлік-жаратылыстану бағытындағы білім беруді дамыту көзделген. Бұл қазіргі экономиканың сұранысына сай мамандар даярлауға жол ашады.
«Өндіріс орны үшін заманауи жабдық пен өндіріс көлемі ғана емес, білікті мамандар да қажет. Олар техниканы меңгеріп, өз ісін жақсы білуі және жаңа технологияларды игеруге дайын болуы керек. Сондықтан маман даярлау ісі кәсіпорындардың нақты сұранысымен қатар жүруі тиіс. Жастар жұмысшы және техникалық мамандықтарды таңдаудың болашағы бар екенін түсінуі керек. Ал жергілікті кәсіпорындардың өндірісін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуына мүмкіндік болғаны маңызды», — деді Мухтар Оджахвердиев.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Б. Аққожина.
Материал Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
