Қостанай қаласының Гендерлік орталығы «Мажор» вокал студиясымен бірлесіп, қайырымдылық концертін өткізбек.
Концерттен түскен қаражат тұрақты терапияға мұқтаж балаларға жәрдем ретінде аударылады.
Іс-шара 7 сәуірде «МИРАС» МҮ үлкен залында сағат 19:00-де өтеді. Билет құны – 1500 теңге.
Билетті мына мекенжайдан алуға болады: Қасымханов көшесі, 36, «Мажор» вокал студиясы, Урожайный көшесі, 16, 305-кабинет.