Қостанайда халықаралық дирижерлер форумы өтеді

Қостанайда халықаралық дирижерлер форумы өтеді

Жыл сайынғы үрдіске айналған, осымен алтыншы рет өткелі отырған форумға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Алтай аймағы елдерінің музыканттары қатысады. Олар өзара тәжірибе алмасып, Тобыл төрін әуен-сазға бөлемек.

Форум 1 сәуір күні Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония сахнасында өтеді. Концерттік бағдарламада шетелдік музыканттармен бірге облыстық филармония атынан Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі және орыс халық аспаптары  оркестрі, сондай-ақ камералық оркестр өнер көрсетеді. Концертке кіру тегін.

Жаңалықтармен бөлісу