4 маусым күні сағат 11:00-де Қостанай облысы әкімдігі алдындағы алаңда халқымыздың Тәуелсіздігін, елдігі мен бірлігін айшықтайтын — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Бұл — әрбір азамат үшін жүрек төріндегі мақтанышқа толы күн. Биылғы мереке ерекше форматта, рух пен патриотизмге толы мазмұнда өтпек. Шараға Қостанай облысының әкімі арнайы қатысады.
Іс-шара бағдарламасында 20×10 метрлік алып Мемлекеттік Ту алаңға салтанатты түрде әкелінеді — бұл елге деген шексіз құрметтің нышаны болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні мектеп оқушылары мен муниципалдық оркестрдің бірлескен орындауында шырқалады — елдік рух биіктей түсетін сәт.
Қостанай жұртшылығы белсенді қатысқан патриоттық челлендждің көрсетілімі — көптің жүрегіндегі елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі.
Концерттік бағдарламада ІІМ Академиясы курсанттары, қаламыздың мектеп оқушылары, «Ақжелең» би ансамблі, Қостанай облыстық филармониясының солистері мен вокалдық ұжымдары өнер көрсетеді.
Шараның арнайы қонағы — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, дарынды да сыршыл әнші Ибрагим Ескендір.
Бұл күн — тек мереке ғана емес, мемлекетіміздің асқақ рәміздеріне деген құрметтің белгісі, ұлттың ұйысу сәті.
Құрметті қостанайлықтар мен қала қонақтары!
Баршаңызды ұлт мақтанышына айналған Мемлекеттік рәміздерімізге құрмет білдіруге, елдік рухты бірге сезінуге шақырамыз!
4 маусым, сағат 11:00
Қостанай облысы әкімдігі алаңы
Бірге болайық — біргеміз!