Қостанайда күй күмбірледі

Қостанайда күй күмбірледі

Қазақтың күй өнерін насихаттап жүрген атыраулық күйші Жәнібек Жәмиевтің күй кеші өнерсүйер қауымға ерекше әсер сыйлады.

Дәстүрлі күй мен заманауи орындаушылық шеберлікті үйлестіретін бұл кеш ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әрбір шығарма домбыраның қос шегінен төгілген сырлы әуен арқылы тыңдарманның жүрегінен жол тапты.

blank blankblank blank

Күйші сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберлігі арқылы ұлттық өнердің қадір-қасиетін айқын көрсетті. Оның әрбір қағысы мен иірімі қазақ даласының кеңдігін, халықтың тарихы мен тағдырын бейнелеген дей әсер қалдырды.

blank

 

 

«Гастрольдік алғашқы сапарымда Алаш арыстары дүниеге келген Тобыл-Торғай өңірінен бастауды жөн көрдім. Концертке жиналған ағайынға алғыстан басқа айтарым жоқ. Ұлттық өнерді насихаттау өнер жолындағы өмірлік парызым», – дейді күйші.

Кешке «Мирас» фольклорлық ансамблі, белгілі өнерпаздар Берік Амантаев пен Жасұлан Базарбаев қатысып, кештің әсерін еселей түсті.

blank blankСонау Атыраудан ат терлетіп Қостанай төріне өнерін арқалап келген өнер иесіне Қостанайдың мәдениет саласының өкілдері ризашылығын білдіріп, шапан жауып, алғыс хат табыстады.

blank blank blank

Бота МАНЕТ