Қостанайда «IbrayStep» еске алу марафоны өтті

Қостанайда «IbrayStep» еске алу марафоны өтті

Биыл қазақ даласының ұлы ұстазы, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай Қостанай қаласында «IbrayStep» еске алу марафоны өтті.

Аталған іс-шара ұлы ағартушының рухани мұрасы жас ұрпақ жадында жаңғыртып, тарихқа және білімге деген қызығушылықты арттырудағы маңызын айқындай түсті. Білім мен ғылымды мұрат тұтқан жастарды біріктірген бұл іс-шара ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіне айналды.blankМарафон Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ауласында, ұлы ұстаздың бюсті алдында басталды. Қасиетті домбыраның үнімен ашылған бұл жиынға Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің, ЧелМУ Қостанай филиалының және Қостанай колледжінің студенттері қатысып, ұлт ұстазының өнегелі жолына тағзым етті.blankblankМарафон бағыты Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан бастау алып, қаламыздағы ағартушының есімімен байланысты тарихи орындарды қамтыды. Қатысушылар орталық саябақтағы Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, артынша ағартушының кесенесіне зиярат етті.blankblankЕстелік марафонының ең тағылымды сәттерінің бірі — қатысушылардың ұлы ұстаз кесенесіне зиярат етуі болды. Мұнда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Айбек Шалғымбеков сөз сөйлеп, ағартушының өнегелі өмір жолы мен тарихи тұлғасына тоқталды. Ол жиналған жастарға кесененің маңызы мен Ыбырай мұрасының қазақ тарихындағы орны туралы тереңнен сыр шертіп, марафонның тәрбиелік мәнін арттыра түсті.blankІс-шараның құрметті қонақтары қатарында Айбек Шалғымбеков, Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Оспанов қатысып, ағартушы мұрасын сақтау мен дәріптеудің мемлекеттік деңгейдегі маңызын айрықша атап өтті.blankІс-шараның ерекше атмосферасын жоба серіктесі «АЗУРИТ» ӨСФ ұсынған кітапхана логотипі бар бірыңғай киім үлгісі (футболкалар), сондай-ақ «Жұлдыз» студиясының тәрбиеленушілері орындаған әсерлі музыкалық нөмірлер әсемдей түсті.
Естелік марафонын өткізуге «АЗУРИТ» өнеркәсіптік-сауда фирмасына, сондай-ақ «Мята», «Оазис», «8 mart_kostanay» және «Romantic» гүл дүкендері қолдау көрсетті.blank«Ibray step» еске алу марафоны ұрпақтар арасындағы рухани көпірді нығайтып, жас буынның санасына білімге деген құштарлық пен отансүйгіштік қасиеттерін ұялата білді. Ұлы ұстаздың «Кел, балалар, оқылық!» деген өсиеті бүгінгі заманда да өз құндылығын жоғалтпай, жастарды жаңа белестерге жетелей беретіні анық.