Полиция қызметкерлері бірнеше велосипед ұрлығын ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 25 жастағы ер адам 12 ұрлық фактісін жасады деген күдікпен анықталып, ұсталды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті тістеуіктің көмегімен велосипедтердің құлыптарын кесіп, кейін ұрланған велосипедпен оқиға орнынан бой тасалаған.
Ұрланған заттарды ол кейін пайда табу мақсатында сатып отырған.
«Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, сот санкциясымен оған үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу жалғасуда, оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметінен.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға велосипедтеріңізді міндетті түрде құлыптап, қараусыз қалдырмауға және мүмкіндігінше жабық әрі қауіпсіз жерлерде сақтауға кеңес береді.