Қостанайда астыртын казино тәркіленді

Қостанайда астыртын казино тәркіленді

Қостанай полицейлері астыртын ұйымның заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымның ойын бизнесі саласындағы қызметінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді.

Басқарма бастығы Серік Байғонов түсіндіргендей, құмар ойын үшін жалдамалы сауналардың ішінде бөлек бөлме пайдаланылған. Ол үшін фишкалар, карталар, сүйектер, ұялы телефондар қолданылған. Арнайы операция барысында 9 адам ұсталды, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

“Қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы бойынша, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”,- делінеді ПД хабарламасында.

Жаңалықтармен бөлісу