Отан қорғаушылар отбасы

Отан қорғаушылар отбасы

«Отбасы – ең сенімді тылың» деген түсінік әскерилердің арасында кеңінен таралған. Оған дәлел – Отан қорғау қызметінде де жұптасып жүрген жанұялар. Сондай бір өнегелі, нағыз патриот, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерінің ұрпағы – Суховерковтер әулеті қоғамның тәртібі мен тыныштығын күзетіп келеді. Олардың өмірлік ұстанымы – “Отан, абырой, міндет, ерлік”.

Дмитрий Сергеевич Суховерков – бөлініс бастығы, 6697 әскери бөліміне әскер қатарына шақырылып, 2000 жылдан кейін әскери қызметші болып қалды. Жары Татьяна Ғалымқызы Қалдығұлова – маман бақылаушы, үш баланың анасы. Бұл отбасының өмір жолдары әскери бөлім тарихында екі ғасырдың көпірін жалғап тұр. Сергейдің атасы – бүкіл майданды басынан өткізген Е.Г.Суховерков, әкесі – С.Суховерков 6697әскери бөлімде ЖМБ старшинасы. Ал өзі Д. Суховерков осы күнге дейін әскер қатарында.

Бақытты отбасы осы әскери бөлімде қызмет етіп жүріп танысып, табысқан. Қазірге дейін жауынгерлік қызметте бір-бірін түсініп, ортақ бала-шаға өрбітіп, отбасыларының тыныш, бейбіт күнде оқып, білім алуы жолында тер төгіп келеді.

“Өзім ата- анама қарап, әскери киімдерге қызығып өстім. Әскерге шақырту алғанымда әскери қызметкер болу менің өмірлік ұстанымыма айналатынын білдім. Балаларыма келсем, әзірге, әскер қатарына шақырылуға жас шамалары сай емес, бір-екі жылға есеюі керек. Кейін өздері қалап, әскери адам боламыз десе, тек қолдаймыз. Балаларымыз үйден тәртіпке үйренген. Қиындық тудырмас болар”, – дейді отағасы Дмитрий.

Жаңалықтармен бөлісу