Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде синтетикалық есірткі таратумен айналысқан екі жас жігітті ұстады. Бұл туралы мәлімет департаменттің Telegram-арнасында жарияланды.



«Аса ірі мөлшерде алынған синтетикалық есірткі партиясының көлеңкелі нарықтағы құны шамамен 100 млн теңге болады. Бұл партия – 15 мыңнан астам доза. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша («Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау») сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бап санкциясы аясында қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – делінеді хабарламада.
Жыл басынан бері Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері заңсыз айналымнан 328 келі түрлі есірткі заттарын тәркілеген.