Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыстың түрлі өңірлерінде іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Олардың көбі патриоттық, идеологиялық, қаржылық сауаттылыққа, салауатты өмір салтын насихаттауға негізделіп отыр.
Бұл туралы «Аманат» партиясы облыстық филиалының жанындағы «Miras» кеңесінің биылғы алғашқы отырысында сөз болды.
«Жалпы сомасы 940 млн. теңгені құрайтын жобаны іске асыру жоспарланды. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, кәсіп таңдауға ынталандыру үшін кем дегенде бес түрлі форматты іс-шаралар өткізу қарастырылып жатыр. Жоба аясында алғаш рет әкелердің слеті ұйымдастырылатын болады. Онда әкелердің алдында тұрған өзекті мәселелер талқыланады», – деді жиында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Динара Қарымсақова.