24 июня, 2025
Қостанай және Рудный қалаларында жедел-тактикалық оқу-жаттығуы жалғасып жатыр 

Қостанай және Рудный қалаларында жедел-тактикалық оқу-жаттығуы жалғасып жатыр 

ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының қолдауымен «Найза – Антитеррор-2025» жоспарлы республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы қарқынды жүргізілуде.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын тыныштық сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз. Оқу-жаттығу аясында блок-бекеттер орнату және көлік құралдарын тоқтату көзделген. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», – деп хабарлайды Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабы.

Құқық қорғау органдарының қабылдайтын шаралары барлық мүдделі құрылымдардың дайындығын тексеруге және олардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған іс-шаралар сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде.