Қостанайда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қостанайда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Іс-шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Салықбаев, мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Гүлбарам Ғазизқызы өз сөзінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызды рөлін атап өтіп, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады:

«Мемлекеттік қызмет – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік, еліміздің тұрақты дамуы мен азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы күнделікті еңбек. Бүгінде мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі, принципшілдігі мен қоғаммен ашық диалог жүргізуі – халық сенімі мен жүзеге асып жатқан реформалардың табысты болуына тікелей әсер етеді. Мемлекет басшысы нәтижеге бағытталған, мықты және тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастырудың маңыздылығын үнемі атап өтеді. Біз бұл бағыттағы жұмысты өңірлерде жалғастырып келеміз. Сіздерге зор денсаулық, шыдамдылық, жігер және Отан игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!»– деді облыс әкімінің орынбасары.

Салтанатты жиында бірқатар мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Мемлекттік қызмет ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

blank blank blank blankОблыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ғабдылқадым Мағзұмов, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы Айнұр Сансызбаева, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Гүлнұр Төлебаева «Үздік мемлекттік қызметші» төс белгісін иеленді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Биылғы үздік ұжымдар да марапаттан құр қалған жоқ. Қостанай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі облыста тұрғындарға үздік қызмет көрсеткен ұжым атанды.

blankblankАрқалық қаласының ұжымы мемлекттік қызметшілер спартакиадасының жеңімпазы болды. Осы сала мамандарының арасындағы бейнетүсірілімнің үздігі де белгілі болды. Ол – ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай қалалақ аумақтық инспекциясының қызметкері Елена Вагнер.

Суретке түсірген

Бердіболат Көркембаев