Қазақстан ашық сауда үшін ЕАЭО-ны таңбалаудың бірыңғай жүйесін құруға қатысады

Қазақстан ашық сауда үшін ЕАЭО-ны таңбалаудың бірыңғай жүйесін құруға қатысады

Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу мен таңбалау саласында цифрлық шешімдерді іске асыруды жалғастыруда. Вице-министр Әсет Нүсіповтің айтуынша, бұл қадамдар ашық сауда мен әділ бәсекені дамытуға бағытталған.

«Біз ашықтықты арттырып, тұтынушы мен бизнестің сенімін нығайтатын инфрақұрылым қалыптастырып жатырмыз», — деді вице-министр.

Бүгінде іске қосылған е-КТРМ жүйесі арқылы техникалық құжаттар рәсімделіп, ЕАЭО сертификаттары, ерікті «халал» және органикалық өнімдерге де электронды түрде өтінім беруге болады. Жүйеде 150 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген.

Сонымен қатар, тауарларды цифрлық таңбалау жүйесі кеңейіп келеді. Қазір ол темекі, аяқ киім, дәрі-дәрмекке қолданылса, 2025 жылдан бастап жеңіл өнеркәсіп өнімдері, сыра, мотор майлары мен зергерлік бұйымдар да міндетті түрде таңбаланатын болады.