Қазақстанның театр сыншылары бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Сыншылар жүлдесі» өнер додасында І.Омаров атындағы облыстық Қазақ драма театры жүлделі болды.
Биыл жетінші мәрте өткізіліп отырған бұл іс-шара – Республика көлемінде барша театр ұжымдарының шығармашылық тыныс тіршілігін саралап, 2025 жылы атқарылған шығармашылық жұмыстар көркемдік ізденістер мен кәсіби жетістіктерді еліміздің театртанушы қауымдастығы тарапынан бағалауға бағытталғын маңызды мәдени алаң.
Театр директоры Асхат Зауатбектің айтуынша, мониторинг қорытындысы отандық театр өнерінің даму үрдістерін айқындайды.
«Мониторинг нәтижесінде өңір руханиятының қара шаңырағы І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры 5 номинацияда лонг парақшаға ілініп, соның 2 екеуінде үздік деп танылды», – дейді театр директоры Асхат Зауатбек.
Атап өтетін болсақ, «Міржақып» спектаклі «Жылдың үздік мультимедиялық сценографиясы» танылды.

Бұл да болса, режиссері Гауһар Адай мен суретшісі Гүлдана Алинаның шеберлігін айқындайды.

Осы «Міржақып» спектакліндегі «Міржақып» рөлі үшін Олжас Бегайдаров «Жыл актері» атанды.
Келесі жеңімпаз – Ералхан Мырзахмет «Жаңа есім» номинациясын ұтып алды. Ералхан «Менің атым Қожа», «Махаббат қызық мол жылдар» спектаклінде өнерсүйер қауымды тәнті еткен болатын.

«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» спектакліндегі Эмраин рөлі үшін Қуаныш Маратұлы «Екінші пландағы жыл» актері болып, көрермендердің ықыласына бөленді.


Шыңғыс Айтматовтың желісімен түсірілген осы спектакль «Шет елдік режиссердің жыл қойылымы» танылды.
Ерекше атап өтетін жайт театр бұл мониторингке биыл ғана ілініп, республикалық маңызы бар театрлармен иық тіресті.
Марапаттау рәсімі Аламаты қаласында Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтті.
Іс-шараның ұйымдастырылуына Алматы қаласы әкімдігі мұрындық болды.
